Жаңбыр, тұман, жел: Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 14 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Оңтүстікте кей жерлерде қатты жаңбыр, солтүстікте, орталықта жаңбыр және қар жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді. 
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз күн күркірейді, түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз аймақтың басым бөлігінде 15-20 м/с, 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.
 Алматы, Түркістан, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны - 15-20 м/с. Алматы облысында найзағай жарқылдайды. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің күші15-20 м/с болады. 
Ақтөбе, түнде Манғыстау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күн күркірейді. Күндіз кей жерлерде жел қарқыны - 15-20 м/с. 
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай жарқылдайды. Түнде Атырау облысының шығысында жел 18 м/с дейін күшейеді.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 сәуір 2020 г. 230 0