Қызылордада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 9 түрі үшін
шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов өңірлік коммнуикациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді. Олар: І сортты ұн - 154 теңге, І сортты нан - 139 теңге, рожки - 197 теңге, қарақұмық жармасы - 294 теңге, күріш - 251 теңге, сиыр еті - 1760 теңге, І категориялы жұмыртқа - 286 теңге, өсімдік майы - 414 теңге, тұз - 47 теңге.
- Сондай-ақ, І сортты ұн бағасын тұрақтандыру және сәйкесінше әлеуметтік нан бағасын қымбаттатпау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы, Астық өңдеушілер одағы және облыс әкімдігі арасында сәуір-тамыз айларында ай сайын әр келісі 130 теңгеден 2475 тонна І сортты ұнды облысқа жеткізу туралы меморандумға қол қойылды. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен тікелей 17 түрлі ерте пісетін көкөніс өнімін сатып алуды ұйымдастыру және кедергісіз көрші облысқа кіріп-шығуды қамтамасыз ету туралы уағдаластық, - деді Б.Жақанов.
Сб-ақпарат.