Н.Байқадамов: "Бұл - сырбойылық дәрігерлердің жеңісі"

 Бүгін Қызылордада ауруынан айыққан алғашқы науқас үйіне шығарылды. Емдеу мерзімі аяқталған соң екі рет тест сынамасы алынып, сәтін салып, нәтижесі теріс болып шықты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мұны сырбойылық дәрігерлердің жеңісі екенін атап өтті.
-  Сырқаттың мұндай түрімен күресуде тәжірибесі болмаса да, олар сыр бермей, мүмкіндіктерін дәлелдеді. Науқас алдағы екі апта бойы аймақтық емхананың бақылауында болады. Басқа емделушілерге де осы кісінің жолын берсін, - деді ол. 
Айта кетейік, соңғы дерек бойынша облыста 119 адам ауруға шалдықты. Оның ішінде Шиелі, Сырдария және Жаңақорған ауданы тұрғындарының үлесі басым.

Сб-ақпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2020 г. 488 0