Тілсіз жаумен күресу – ортақ міндет

Қорық инспекторларының негізгі міндеттерінің бірі – қорық аумағында өртті болдырмау, оның алдын алу және болған өртті сөндіру. Жыл сайын өртке қауіпті маусым белгіленіп, ол аяқталғанша, қорық аумағында күшейтілген режимде жұмыс істеледі.
Биыл да ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің №27-5-6/24 санды бұйрығымен қорық аумағында өртке қауіпті кезеңге (сәуір-қазан айлары) байланысты дайындық жұмыстарының жүргізу туралы бұйрығына сай мекемеде директордың №03-01/25 санды бұйрығымен 12-13 наурыз күндері жасалған жоспарға сәйкес оқу-жаттығу жиыны өтті.
Жиында дала өрттерін болдырмау, оның алдын алу туралы аудандық төтенше жағдай қызметкері, алғашқы дәрігерлік жәрдем туралы аудандық емхана дәрігері, қауіпті жұқпалы аурулардан сақтану туралы Арал обаға қарсы күресу станциясының қызметкері дәріс оқыды. Сондай-ақ осы жағдайда заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында аудандық прокуратура қызметкері түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сонымен бірге апат кезінде ұйымдастырылатын тәуліктік кезекшілік, өрт сөндіру құралдары мен автотехникалардың, байланыс құралдарының дайындықтары тексерілді. Дала өрті болған жағдайда, өзара жедел сөндіру үшін қорық маңына жақын орналасқан Жаңақұрылыс, Қаратерең, Беларал ауылдық округтарымен, ондағы жеке қожалықтардың қатысуымен жоспар жасалынған. Өрт негізінен адам факторынан болады. Сол себепті халық арасында да тілсіз жаудың табиғатқа әкелетін зияны, оны болдырмау туралы үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүруде. Өртті сөндіргенше оны болдырмаған жеңіл. Сондықтан бүкіл ел болып, тілсіз жау өртті болдырмауға бәріміз үшін тиімді.

Сабыр ТӨРЕНИЯЗОВ,
 «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының»
инспекторы.
Арал ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2020 г. 431 0