| « Маусым 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | |||||
Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылында орналасқан жылыжай кешенінде қияр өнімін жинау жұмысы басталды. Жергілікті жұмысшылар күніне орта есеппен 5-6 тонна өнім жинауда, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Болашақта өндіріс көлемін күніне 10, ал жылына 1000 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жылыжайдың жалпы аумағы - 2 гектар. Мұнда заманауи жабдықтар қолданылады. Өсіру процесі автоматтандырылған. Кешенде 30-дан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Естеріңізге сала кетейік, "КазАгроМир" ЖШС жылыжай кешені өткен жылдың соңында пайдалануға берілген. Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылды.
| « Маусым 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | |||||