Жаңақорған ауданының егде жастағы тұрғыны дерт жұқтырды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева соңғы мәліметпен бөлісті.
"Ауру жұқтырған адам - 58 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, - деді ол.
12.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ бойынша 118 дерек тіркелді:
Қызылорда қаласы – 12
Байқоңыр қаласы – 0
Сырдария ауданы – 23
Жалағаш ауданы – 0
Қармақшы ауданы – 4
Қазалы ауданы – 1
Арал ауданы – 4
Шиелі ауданы – 56
Жаңақорған ауданы – 18.