« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазгидромет сәуірдің 11-17 аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасу қаупі бар екенін ескертеді.
Өткен аптада Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзен бассейндерінде топырақтың қату тереңдігі 12-60 см-ге азайған. Қарағанды облысының өзен бассейндерінде топырақ толығымен еріген.
Алдағы аптада Қазақстан аумағының басым бөлігіне Атлантикалық және Оңтүстік циклондар әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда арты қарға ұласатын қатты жаңбыр жауады. Осыған байланысты тау бөктеріндегі аудандарда еріген қар суының қалыптасуы және Түркістан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің артуы мүмкін - дейді синоптиктер.
Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде өзендердің мұздан тазартуы және су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ, өзендерде қар жамылғысының еруіне байланысты су деңгейінің артуы Шығыс Қазақстан облысында да болжануда.
BAQ.KZ« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |