Бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Қазақстан жұртшылығы Толқын Забированың онлайн концертін тамашалай алады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын мұнан өзге де онлайн жобалар бар. Атап айтар болсақ, «таңғы жаттығу жоба аясында бүгін қазақстандықтар Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділовпен бірге таңғы сағат 08:00-де жаттығу жасады.
Ал «Халық қазынасы: бір туынды тарихы» жобасы аясында сағат 8-30-да ҚР мәдениет қайраткері Абдулхамит Райымбергенов Тұраш Әбуовтің «Қазақстан комсомолы» күйінің, сағат 16:30-да халықаралық және республикалық байқаулардың лаураты Күнқожа Қайролла Наурызбай жыраудың «Әуелі сөзді сөйлейін» термесінің, сағат 22:00-де ҚР мәдениет қайраткері Төлепберген Тоғжанов «Көшпенділер» авторлық күйінің шығу тарихы жайында ой қозғайды.
Сағат 12:00-де «Қазақконцерт» МҚМ директорының орынбасары Серік Нұрмолдаев «Этникалық мәдениетті продюсерлеу ерекшеліктері», 17-00-де ҚР Ұлттық кітапханасының жауапты хатшысы Болат Жүнісбеков «Абай сәулесі» - қазаққа емес, қараңғылыққа қапалы» тақырыбында онлайн дәріс оқиды.
Сонымен қатар сағат 14:00-де Айтжан Алдабеков таэквондадан шеберлік сабағын өткізсе, 18:00-де автоспорт бойынша ҚР спорт шебері Денис Аксенов сұхбат береді. Онлайн театр жобасы аясында «Астана Опера» театры «Дон Карлос» монументалды операсының көрсетілімін ұсынады.
Ал «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында кешкі сағат 21:00-де Толқын Забирова ән салады.