"WhatsApp" желісінде "9 сәуір күні Шиелі ауданында анықталған КВИ теріс болып шықты, Нұр-Сұлтан қаласынан келген ақпаратпен нақтыланды" делінген дыбыстық хабарлама мен бейнежазба тараған еді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Ақпараттың жалған екендігін хабарлаймыз.
Мұндай хабарламалардың авторы қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.
Облыста қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы үшін тек ресми органдардың ақпаратына жүгінулеріңізді сұраймыз!" - деді басқарма басшысының емдеу, алдын алу жөніндегі орынбасары Олжас Ысқақов.
Сб-ақпарат