Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтты, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
«Президенттің Жарлығына сәйкес коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға тартылған ішкі істер және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен ІІМ медициналық мекемелерінің медицина қызметкерлері бір айлық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйақылармен ынталандырылатын болады», - деді Ішкі істер министрі.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген