Пандемиямен күрес: «KAZPETROL GROUP» серіктестігі облыстың медицина қызметкерлеріне 12 миллион теңге бөлді
Пандемия кезінде кез келген көмек маңызды. Бұл ретте «KAZPETROL GROUP» ЖШС облыс көлеміндегі тосқауыл бекеттерінде күндіз-түні тынбай еңбек етіп жүрген медбикелерге ерекше алғысын білдіруді жөн тапты. Серіктестік өзін емес, өзгені бірінші орынға қойған 120-ға жуық ақ халаттыға 12 миллион теңге бөлуді ұйғарды. Серіктестік ұжымы Қызылорда облысындағы бизнес саласында жұмыс істейтін компанияларды игі істі жалғастыруға және аймақтың медицина қызметкерлеріне бұдан әрі де көмек көрсетуге шақырып отыр.