11 науқастың қай аудандардан екені белгілі болды

Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 11 жағдай туралы ақпарат
(11.04.2020 жылғы  мәлімет бойынша)

Ауру жұқтырғандардың 8 жағдайы Сырдария ауданында, 2 жағдайы Арал ауданында және 1 дерек Қазалы ауданында тіркелді.
Зертханалық сынамалар 10 науқастан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қазалыдағы 1 жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынды.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда ауру жұқтырғандардың барлығы
бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді

11.04.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 116 адам анықталды.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2020 г. 903 0