Қызылордада ауруға шалдыққан 11 адам анықталып, науқастар саны 116-ға жетті.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 28 адам анықталды. Елімізде жалпы 840 жағдай тіркелген, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
11 сәуір сағат 10:00-дегі эпидемиологиялық жағдай мынадай: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Алматы қаласынды - 5 адам, Атырау облысында - 11 адам, Қызылорда облысында - 11 адам анықталған.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 229 адам, Алматы қаласында – 128 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 35 адам, Қостанай облысында - 3 адам.