Абай 175: Ұлы ойшылдың ұлағаты ұлықталуда

Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай салған дара жол» атты жастар арасындағы онлайн интеллектуалды сайысы өтті. 

Сайыстың негізгі мақсаты - еліміздегі жарияланған төтенше жағдай мен карантин жағдайында үйде жатқан жастардың уақытын тиімді пайдалану. Ең бастысы ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының өмір жолымен кеңінен таныстыру. 

Сайыс алдында облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Т.Тілес қатысушы жастарға сәттілік тілеп және мемлекет тарапынан енгізілген ережелерді қатаң сақтауға шақырды.

Онлайн сайысқа тікелей эфир арқылы 80-ге жуық жас белсене қатысты. Сайыста Абай Құнанбайұлының өмір жолы және туындылары туралы 25 сұрақ қойылды. Ең көп дұрыс жауап берген 3 жас қаржылай сыйақымен марапатталды. Жеңімпаздардың қаржылай сыйақылары есепшоттарына аударылды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2020 г. 444 0