Соңғы тіркелген науқастар қайдан?

Өңірде соңғы тіркелген науқастардың 3-уі - Шиелі ауданындағы Бала би, Қодаманов ауылдарында, ал бір жағдай Жаңақорған ауданында анықталып отыр.
Облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  мәліметінше, ауру жұқтырғандардың екеуі - 1989, 2010 жылы туған ер, қалған екеуі - 1996, 1967 жылғы әйел адамдар.
Барлығы осы инфекциямен ауыратын адамдармен байланыста болып жұқтырған.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтіп жатыр.
 Өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 104-ке жетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2020 г. 588 0