ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігерлерінің үстемеақыға қатысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
Елжан Біртановтың айтуынша, Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті министрліктің коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлердің үстемеақысы туралы бұйрығын қате тәпсірлеген. Инфекциялық стационардың дәрігерлері, медбикелер, кіші медициналық қызметкерлер үстемеақы төленетін 1-санаттағы тұлғаларға жатады.
«Басқарма мен емхана басшылығына ертең таңертең қателікті жөндеп, бекітілген бұйрыққа сай үстемеақы төлеуді өтінемін. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшылығына осы мәселені бақылауға алып, орындалуын қадағалауды сұраймын. Бұл қолайсыздықтар үшін кешірім өтінемін. Facebook-ке қазір қолым жетіп, әріптестерімнің өтінішін енді оқыдым», - деп жазды Facebook парақшасында Елжан Біртанов.
Айта кету керек, бүгін Алматы коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес үстемеақы ала бастады.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/birtanov-ustemeakydan-kagylgan-medkyzmetkerlerdin-akshasyn-toleudi-buyyrdy_a3636209