Науқастардың ең жасы - 18-де

Коронавирус инфекциясының жаңадан тіркелген 8 жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді. 
09.04.2020ж. сағат 21:30 уақыты бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелгендер қатары 100-ге жетті (Қызылорда қаласында – 12, Жаңақорған ауданында – 16, Арал ауданы – 2, Сырдария ауданы – 14, Қармақшы ауданы – 4, Шиелі ауданында – 52 жағдай).
Жаңадан анықталған 8 жағдайдың 6-уы Сырдария ауданынан анықталса, 2-еуі Қызылорда қаласынан тіркеліп отыр. Барлығы карантиндік бақылауға алынған азаматтар болып табылады. Қазіргі таңда ем алуға жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылуда.
Сырдария ауданынан анықталғандар (6):
1) 1970 жылғы ер адам;
2)1976 жылғы әйел адам,
3) 1979 жылғы әйел адам;
4) 2002 жылғы қыз бала;
5) 1984 жылғы ер адам;
6) 1998 жылғы қыз бала.
Қызылорда қаласынан анықталғандар (2):
1) 1989 жылғы ер адам;
2) 1992 жылғы ер бала.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 сәуір 2020 г. 500 0