Наурыз айында қой, сиыр, жылқы еті қымбаттады. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2020 жылғы наурызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 2, өсімдік шаруашылығы өнімі 2,6 пайызға қымбаттады. Ал мал шаруашылығы өніміне баға өзгерген жоқ», - делінген комитет ақпаратында. Ведомство мәліметінше, осы жылғы қаңтар-наурызда баға қарақұмыққа - 15, бидайға - 3, жүгеріге - 0,9, қара бидайға - 0,5, арпаға - 0,3, күрішке - 0,2 пайыз өсіп, тарыға 0,2, сұлыға 0,1 пайыз төмендеді. Картоп - 2, асханалық сәбіз - 1,8, басты пияз - 0,5, қырыққабат 0,2 пайыз қымбаттады. Асханалық қызылша 0,2 пайыз арзандады. Баға кептірілген бұршаққа - 4,5, кептірілген жасымыққа - 2, күнбағыс тұқымына 1,3 п пайыз өсті. Ал соя бұршағына 0,3 пайыз төмендеді. Баға құс етіне - 3, шошқа етіне 0,4 пайыз төмендеді, ал қой етіне - 2,3, ірі қара мал етіне - 2, жылқы етіне 1,5 пайыз өсті. Шикі сүт - 3,6, бал 2,1 пайыз қымбаттап, жұмыртқа 5,3 пайыз арзандады.