Видеокамераға еңбектеп жеткен: Айырбастау пунктінен 12 млн ұрланды

Елордада 37 жастағы азамат алдын ала дайындалған сценарий бойынша валюта айырбастау пунктінен 12 млн теңге ұрлады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері валюта айырбастау пунктіне ұрлыққа түскен елорданың бұған дейін сотты болған 37 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады», - делінген департамент ақпаратында.
 Полициейлердің мәліметіне қарағанда, ол ұрлыққа тыңғылықты дайындықпен барған. Діттеген ойын жүзеге асыру үшін өз көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін бұған дейін ұрлап алған басқа нөмірмен ауыстырған. Содан кейін бет-жүзін тұмшалап, дүкен мен айырбастау пункті орналасқан ғимаратқа көше жақ бетіндегі есігінің құлпын бұзу арқылы кірген. Қозғалыс датчиктерін істен шығару үшін олар орналасқан жерге дейін еңбектеп жеткен. Бейнебақылау камерасының объективін жауып қойғаннан кейін ол айырбастау пунктіне еш кедергісіз кірген.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 сәуір 2020 г. 360 0