Жалған сертификат жасатып, артық жалақы алып келген

Жалған сертификат жасатып, артық жалақы алып келгенЖаңақорған аудандық сотында мемлекеттік қызметкер бола тұра алаяқтық әрекетке барған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметінен. Бұл sud.gov.kz сайтында жазылды. 
Ол Қазақстан Республикасы ҚК 177-бабының 1-бөлігімен айыпталды. 

«Сотталушы мемлекеттік қызметкер бола тұра алаяқтық қылған. Нақтырақ айтқанда, бөтен мүлікті сенімге қиянат жасап, сынақ тапсырмай, әңгімелесуден өтпей, «Бірінші біліктілік санаты» категориясы сертификатын сатып алған. Осы жалған құжаттың негізінде 2009 жылдан бастап, айлық жалақысын арттырып, мемлекетке 403 536 теңге зиян келтірген» делінген хабарламада. 

Сот отырысының қортындысы бойынша, сотталушы мемлекетке келтірген зиянның орнын толтырып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67-бабының 4-бөлігінің талаптарына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2014 г. 882 0