Қызылордада жұмыссыздық төмендеп келеді

Қызылорда. Бұл жөнінде қала әкімдігінде өткен мәжілісте қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова хабарлады.
«Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2013 жылдың 1 қаңтарына экономикалық белсенді халық саны 110,7 мың адам, жұмыссыздық деңгей і– 4,7 пайыз, республикалық көрсеткіштен 0,6 пайызға төмен. Осы жылдың 9 айында қалада 3150 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде: ауыл шаруашылығында – 8, өнеркәсіпте - 234, құрылыста – 56, көлік және байланыста – 824, саудада – 395, білім беру – 115, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде – 102, қалғандары басқа салада. Сондай-ақ, жыл басынан 3201 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Мұнымен қоса, қоғамдық жұмыстарға жыл басынан 1920 адамға қалалық бюджеттен 119,5 млн. теңге бөлінді. Осы орайда, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кент және ауылдық округ әкімдеріне жұмыстарының негізгі көрсеткіші жаңа жұмыс орындарын аша отырып, салық базасын ұлғайтумен бағаланатындығын баса айтты және бұл бағыттағы шараларды күшейтуді тапсырды» делінген Қызылорда қаласы әкімі баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2013 г. 1 010 0