Әлемдік пандемия кезінде ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың барша қазақ елін сабырға, байсалдылыққа шақырып, ақ тілеулі сөзін арнап, үндеу жариялады.
Елбасы өз үндеуінде қауіпті індетті міндетті түрде жеңіп шығамыз деген сенімін білдірді және мемлекетіміз барлық қажетті шараларды қолданып жатқанын жеткізді. Демек, алаңдауға еш негіз жоқ, тек бірлікті сақтап, сақтану ережелерін тиянақты орындауымыз керектігіне назар аударды. Бұл әрине қазіргідей бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған індеттің таралу кезінде халқымызға үлкен демеу болды, әр азаматқа болашаққа деген зор сенімін оятты деп санаймын.
Адамның өзіне деген сенімі - үлкен күш санаймын, спортшылар мұны жақсы білеміз. Әлемдік додаларда спортшыларымыз өз жеңістерімен бұл қағиданы талай рет дәлелдеді.
Біз, спортшылар қауымы халықпен бірге екенімізді білдіріп, мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен "Бірге еңсереміз" атты жобаға белсенді атсалысудамыз. Сонымен қатар спорттық бабымызды сақтау үшін қолда бар технологияны пайдаланып, спортшылармен қашықтан жаттығулар жасап, онлайн жүйеде жарыстар ұйымдастырылуда.
Спортшылар әрқашан халықпен бірге!
Хəкімжан Елеусінов,
тоғызқұмалақтан 3 дүркін Əлем чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері,
облыстың аға жаттықтырушысы