ҚР Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бізде бір қызметкер індетті жұқтыруына байланысты қазіргі кезде ем-дом қабылдап жатыр. Оның денсаулық жағдайы тұрақты», - деді Ю. Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бөлек ол инфекциямен ауырғандармен қарым-қатыныста болған 530 адам анықталғанын жеткізді. Олардың біразы өздерінің кәсіби қызметін атқаруын барысында карантиндік шаралармен қамтылды. Министрдің орынбасары 30-ға жуығы стационарлық емдеуге жіберілгенін айтты.
«80-ге тарта адам үй жағдайындағы карантинде. Бүгінде көбісі жұмысқа шығып, қызметін жалғастыруда. Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің өміріне індет салдарынан қауіп төнуі жағдайы болмады», - деді Ю. Ильин.