Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 9 сәуірде республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады. Кей жерлерде қар және нөсер жауын жауады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне отырып.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 9 сәуір күні тек елдің батысында ғана күн ашық болады. Жалпы алғанда, республиканың бірқатар бөлігінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ, батысты шаңды дауыл көтеріледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көтайғақ болады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 метр болады. Ақмола, Қостанай облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында түнде жаяу бұрқасын соғады.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріліп, түнде Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі.
Алматы облысында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Түнде және таң ата бірақатар өңірлерде тұман түседі.