Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді. 08.04.2020 жылғы сағат 20:15-тегі мәлімет бойынша облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
мәлімет берді. Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шиелі, біреуі Арал ауданында тіркелді. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
08.04.2020 жағдай бойынша аймақта "COVID-19" коронавирустық инфекцияға шалдыққан 76 адам анықталды:
Қызылорда қаласында – 9 жағдай,
Жаңақорған ауданында – 16,
Қармақшыда – 4,
Шиеліде – 38 жағдай,
Сырдария ауданында-7 жағдай,
Арал ауданында – 2 жағдай.