Ел бірлігі еселі істерді бастайды

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласында халықтың көңіліне демеу боларлық көптеген мәселелер қозғалды. Қазір әлем жұртшылығы коронавирус инфекциясына байланысты қауіпті індетпен күрес жүргізіп келеді. Мұндай сын сәтте халықтың алдағы күнге сенімін оятып, оларға жігер қосуға барлығымыз назар аударуымыз тиіс.
Елбасы өз мақаласында стратегиялық бағыттарға көңіл бөлген. Халық қашанда әрбір қиындықты бірлік, тәртіп және болашаққа деген сенімі арқылы еңсеріп кете алады. Бұл бағытта мемлекет тарапынан коронавирустың алдын-алу бағытында нақты іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстар жедел әрі сапалы қолға алынып отыр. Негізіндеғ тәртіппен, үйлесім, нақты жоспар, нық сеніммен жасалған жұмыс өз нәтижесін береді. Ол уақытша қиындықтан шығуға мүмкіндік туғызады.
Қазір бұл бағытта Қызылорда облысында да нақты іс-шаралар жүзеге асырылып отыр. Қауіпті инфекцияға шалдыққан науқастарға тиісті емдеу шаралары жүргізілуде. Бұл бағытта медицина саласының мамандары алдыңғы шепте жұмыс жасап отыр. Сондай-ақ, әрбір саланың мамандары өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға назар аударып келеді. Еріктілер де тұрмысы төмен отбасыларға қолдау шараларына көңіл бөлді. Осының барлығы елдің бірлігі, татулығы, ертеңге күнге сенімінің арқасында жүзеге асып жатыр.
Халқымыз қашанда еліміздің жарқын келешегіне нық сеніммен қарап, қандай қиындықта да ауырбірлікті арқау етіп, келер күнге үлкен үмітпен қадам басуда. Елбасы мақаласы елдің еңсесін тіктеуге өз әсерін тигізіп, халықтың байыпты бастамаларға зор сенім артуына негіз қалады дей аламыз.

Бақыт Түрікпенбаева,
№125 С.Сапарбеков атындағы орта мектеп мұғалімі

Жаңақорған ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2020 г. 391 0