Қаланы дезинфекциялау жұмысы екі аптадан бері жалғасуда

          Қызылордада инфекция таралуының алдын алу мақсатында №66597 әскери бөлім қызметкерлері, арнайы мекемелер күшейтілген режимде залалсыздандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қаладағы қоғамдық көліктер, аялдамалар, теміржол мен автовокзалдар, ірі кәсіпкерлік нысандары, базарлар, адам көп жүретін көшелер, көпқабатты тұрғын үйлер аумағы, әлеуметтік нысандар залалсыздандырылды.

    «Бүгін қаланың Әл-Фараби, Торайғыров, Хон-Бен-До көшелерінде, тұрғын-үй аулаларында орналасқан балалар ойын алаңдары, аялдамалар мен қоқыс жәшіктері залалсыздандырылуда. Көшелерге арнайы гипохлорид кальций ерітіндісі, ғимараттарды диохлорид ерітіндісі қосылған қоспа себілді. Бұл жұмыс бекітіленген кестеге сай атқарылады. Құрал-жабдық жеткілікті", - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Біржан Далабаев.

         Президент тапсырмасына сәйкес Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдер аталған жұмысты 26 наурыздан бастаған болатын.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2020 г. 468 0