Спортта да бір орында тұрып қалуға болмайды

   Елдегі жағдайға байланысты халық арасында үрей басым. Қазақстанды ғана емес, әлемді қорқыныш билеп тұр деуге болады. Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа үндеуі қазақстандықтардың жүрегіне сенім ұялатқандай.

Біз, спортшылар үшін елдің намысы, абыройы, болашағы бірінші орында. Елбасы өз үндеуінде: "Жастардың елімізді қорғап, оны нығайта түсетініне, өздерінің бар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенемін," - деді. Бұл Отан игілігі үшін еңбектенуге, ізденуге дайын жастар үшін үлкен сенім арту деп білемін.

Үндеуде әлемнің бір орында тұрмай, үнемі өзгеріп жатқаны, біз сол өзгерістердің тасасында қалмай, алға қарыштап ілгерілеуіміз керек екені келтірілген. Спортта да дәл солай, бір күн жаттығусыз қалсаңыз, бір қадам артқа кетесіз.

Замандастарымды Елбасының үндеуін негізге алып, алға ұмтылуға, түрлі биіктерді бағындыруға шақырамын.


Мақсат ИСАҒАБЫЛОВ,

қазақ күресінен "Әлем барысы" абсолютті чемпионатының

күміс жүлдегері

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2020 г. 731 0