Қармақшы ауданының орталығы - Жосалы кентінде екі жастағы екі сәби ыстық сорпаға күйіп қалды. Соның салдарынан олар термиялық күйік жарақатын алды. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, күйік жарақатын алған сәбилер қазір ауруханада ем қабылдауда.
«Үлкендердің балаларды қараусыз қалдыру себебінен олардың жарақат алу немесе қаза болу деректерінің тіркелуі жиі орын алуда. Ересектердің қарауынсыз қалған бала қайғылы жағдайға тап болуы мүмкін. Мәселен, биылғы жылдың наурыз айында бір отбасының 2013, 2014 жылғы екі баласы газ плитаның үстіндегі ыстық шәйнекке күйіп, жарақаттанды. Балалар жарақаттарына сәйкес ауруханада ем алды.Сондықтан тұрғындардан балаларды қараусыз қалдырмауды, тұрмыстағы қауіпсіздік шараларына баса назар аударуды сұраймыз», - деді департаменттің бас маманы Айгүл Нұрманова.