Елбасы үндеуі елге сенім береді

 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы халқымызды ынтымаққа, бір-бірімізге қамқор болуға үндейді. Мақалада ең біріншіден халықтың денсаулығы мен аман-саулығы және әр адам өмірінің құндылығын бағалау арқылы жететіндігі баса назарға алынған.
Елбасы атап өткендей, қоғамымыз осы ынтымақты бағытынан танбай, үрейге жол бермеуі қажет. Әр отбасында жеке бастың тазалығы мен қауіпсіздігінің ережелері мүлтіксіз орындалғаны абзал. Әсіресе, егде жастағы қарияларға бұл күнде қамқорлық еселене түскені жөн. Себебі олар қазір басты қауіп тобында. Қарттарға жақсылық жасап, қамқорлыққа бөлеу біздің халқымыздың табиғатына тән қасиет.
Елбасының бүгінгі мақаласы елге үлкен үміт, сенім береді. Елдің басына төнген түрлі қатерлі зауалдарда халқымыз әрдайым бірлік-берекесі, кең пейілі арқылы жеңіске жетіп отырғаны айқын. Бұл жолы да осылай боларына сенім артамын. Лайым, еліміз аман, халымыздың дені сау болсын!


Қахар Дадашев,

өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2020 г. 380 0