Аралда анықталған алғашқы науқас ауруды қалай жұқтырған?

Қызылордада науқастар саны 72-ге жетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов олардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді. 
Аймақтың бас дәрігері Арал ауданында тіркелген алғашқы жағдай бойынша ақпарат берді. 
- Сырқат пойызда жолсерік болып еңбек етеді. Түркістан облысында анықталған науқас мінген пойызда қызмет көрсеткен, - деді ол. 
Бүгінгі күні науқастар арнайы емдеу орындарында. Олармен қарым- қатынаста болғандардың жағдайы дәрігерлер бақылауында. 

Назерке Саниязова
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2020 г. 776 0