Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 3 жағдай туралы (08.04.2020 жылғы сағат 08:00-тағы мәлімет бойынша) облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен хабарлады.
Ауру жұқтырғандардың үшеуі де Сырдария ауданында тіркелді. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
08.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 69 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35 жағдай, Сырдария ауданында - 4 жағдай, Арал ауданында – 1 жағдай.