« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордада су қоймасын салу жоспарланып отыр. Жалпы, Қазақстанда осындай 28 қойма салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысы өткен жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында суармалы жерлердің көлемін 3 млн гектарға жеткізуді тапсырды. Осыған байланысты жаңа су қоймаларын салу арқылы қосымша суару көздерін құру қажет. 2030 жылға дейін Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 28 су қоймасының салынуы көзделіп отыр», - деді министр.
Осы су қоймалары 3,8 текше шақырым көлеміндегі суды жинауға мүмкіндік береді және оған 470 мың гектар суармалы жерді қосуға болады. 12 су қоймасын тек суару үшін ғана емес, сонымен қатар, 70 елді мекендегі су басу қаупін жою үшін де пайдалануға болады.
«Су қоймаларының құрылысы аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығында жаңадан тұрақты 29 мың жұмыс орнын іске қосу мүмкіндігі болады», - деді М. Мырзағалиев.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |