Шиелі ауданының Төңкеріс ауылы карантинге жабылды

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Шиелі ауданының Төңкеріс ауылдық округі карантинге жабылды, - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Ауылдық округтің кіреберісіне санитарлық блок-бекет қойылып, ауыл тұрғындары мен көлік құралдарының жүріп-тұруы шектелді. Жерглікті халыққа қажетті азық-түлік қоры мен күнделікті тұтынатын тауарлардың жеткілікті болуы үшін оларды аудан орталығынан ауылға қалыпты бағада ұсыну ұйымдастырылуда.

"Ауыл тұрғындарына індеттен сақтану жолдары туралы үнпарақтар таратылып, мамандар үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Төңкеріс ауылдық округінде дезинфекциялық жұмыс жүргізіліп жатыр. Аудан бойынша коронавирус инфекциясына байланысты барлық сұрақтар үшін байланыс номері: 8 (72432) 4-23-54", - делінген хабарламада. 




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 сәуір 2020 г. 683 0