Қызылорда қаласы Маханбетов ауылындағы 143 мектептің 1993 жылғы түлектері (1976 жылы туған) ауылдағы аз қамтылған, көп балалы, мүгедек жандары бар отбасыларға көмек жасады.
Азық-түлік жиынтықтары (ұн, май, қант, шәй, макарон өнімдері) тұрмыстық жағдайлары төмен 10 отбасыға жеткізілді. Ауыл түлектері, сыныптас достар еліміздің түрлі қалаларында әр салада қызмет атқаруда, көбі ауылда еңбек етуде.
- Құрдастарымыздың көбі ауылда, қаладағы, Астана, Алматыдагы кластастарымыз қосылып жатыр. Қиындықта қалған отбасыларға сәл де болса көмек жасадық, - дейді түлектердің бірі Қайрат Бекарыстанов.