Қызылордада 54 адам ауруға шалдықты

Қызылорда облысында ауруға шалдыққандар саны 54-ке жетті. Бұл туралы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Ауру жұқтырғандардың 3 жағдайы қалада тіркелді, олар науқас адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Ал 1 жағдай Сырдария ауданында тіркелді, ол Нұр-Сұлтан қаласынан келгендігі және ЖРВИ симптомдары бар болуына байланысты провизорлық стационарға бақылауға алынған. Аталған азаматтардың барлығынан
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

07.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 54 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24 жағдай, Сырдария ауданында-1 жағдай.
Жалпы, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 жағдай тіркелді.
Нұр-Сұлтан қаласы - 1,
Қызылорда облысы - 4,
Атырау облысы - 3.
Қазақстан бойынша барлығы 670 жағдай.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 сәуір 2020 г. 1 089 0