Қызылордалық Әбілдаевтар отбасында қысылтаяң шақта үшінші батыр дүниеге келді. "Бар қиындық артта қалсын" деген тілекпен үлкендер жағы оған ырымдап Еламан деген есім берді.
- Әкемнің інісі Әбілқасым ағам "халқымыз сынақтан сүрінбей өтсін, тыныштықта өмір сүрсін" деген ниетпен ұлымызды осылай атады. Бұған дейін бір қыз, екі ұлымыз бар еді. Құдайдың қалауымен көпбалалы отбасына айналып жатырмыз, - дейді отағасы Бауыржан Әбілдаев.
Ол "Сыр Медиа" серіктестігінде еңбек етеді. Келіншегі Мөлдір екеуі Балауса, Нұрислам, Даниил есімді балаларды тәрбиелеп отыр. Олардың қатарына кішкентай Еламан қосылды.
Ырымшыл халықпыз ғой, ел аман, жұрт тыныш болсыншы!
Назерке Саниязова.