Коронавирус табылған 19 науқас осы дерттен 2 сәуірде қайтыс болған адаммен байланыста болғандар, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Бүгін қауіпті инфекция 19 ақмолалықтың бойынан табылды. Олар 2 сәуірдің қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғынымен байланыста болғандар адамдар.
«Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. Жақын байланыста болған 216 анықталды, оның 19-да коронавирус нәтижесі оң болды. Қазіргі кезде диагнозы расталған науқастардың барлығы Нұр-Cұлтан қаласындағы фтизиопульмонология орталығына және Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылды. Науқастардың ең үлкені 1933 жылғы, ең жасы 1984 жылы туған азаматтар», - дейді ведомстводан.
Сонымен қатар, облыстың станционарында 423 науқас жатыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында 19 науқас Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде, 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында. Провизорлықта – 90 науқас болса, карантиндік стационарда (бақылауда) 312 адам жатыр. Ал, үй карантинінде 737 адам бар.