Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір медициналық қызметкер ауыр халде жатқанын мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Қазіргі таңда Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Олардың 67 адам коронавирус індетін жұқтырды деген күдікті немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. 7 пайыз не 9 адам орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және симптомсыз жатыр», - Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің айтуынша, оларға әлі төлем жүргізілмеген. Әйтсе де дәрігерлерде әлеуметтік төлем жүргізудің құқықтық-нормативтік құжатының жобасы жасалып қойған.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 сәуір 2020 г. 374 0