Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асты

Елімізде тағы 20 адамнан коронавирус табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Coronavirus2020.kz мәліметіне сенсек, 6 сәуір сағат 14:40-тағы жағдай бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелген. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 16 адам, Маңғыстау облысында - 2 адам. ⠀
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 116 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 23 адам, Атырау облысы - 24 адам, Жамбыл облысында - 29 адам, Шымкент қаласында - 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 37 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 28 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 604 науқас бар.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 сәуір 2020 г. 281 0