Түркияда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 135 адам анықталды, деп хабарлайды
ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл штабына сілтеме жасап.
«Мұнда жалпы 27 069 адам вирус жұқтырған. Соңғы тәулікте 73 адам вирустың кесірінен денсаулығы нашарлап, қайтыс болды. Жалпы көз жұмғандар саны — 574 адам. Соңғы кезеңде 256 адам емделіп шықты. Сауығып шыққандардың жалпы саны — 1 042» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осыдан екі апта бұрын Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуық болатын.