Жылжымалы мобильді пошта қызметін бастады

Бүгіннен бастап жылжымалы мобильді пошта қызметі жасы 65-тен асқан қала тұрғындарына және мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға зейнетақыларын мекен-жайлары бойынша жеткізуде.
Себебі, қауіпті инфекцияның таралуының алдын алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігі басты назарда.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда қалалық жедел штаб төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес мобильді топтың жұмысын оңтайландыру үшін Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан қажетті техникалық құралдармен, волентерлық топтармен қамтамасыз етілуде.

Қосымша ақпарат:
Өтінім жеке куәлік мәліметін ватсап желісіне жолдау арқылы тіркеледі.

Жеке куәлікпен казпочта мәліметтер базасынан тексеріліп, жеткізілуі ұйымдастырылады. Табыстау барысында міндетті түрде азаматтардың жеке басы анықталып, тексеріліп беріледі.

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ номерлері:
+7 778 697 5499
+7 775 069 1495
+7 777 343 0362
60-56-99.

Сондай-ақ, ауыл әкімдіктерімен келісе отырып, кесте бойынша елді-мекендерге барып, қызмет көрсетіледі.
Сабалақ, Ягодка, Эдельвейс саяжайлардың тұрғындарына ЖЫЛЖЫМАЛЫ ПОШТА АВТОКӨЛІГІМЕН қаржылық-банктік қызметтер көрсетіледі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2020 г. 337 0