Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты тың деректер айтылды

 Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты тың деректер айтылды.
«Шымкент қаласында коронавирус індетінен бүгін бір адам көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны. Ол 3 сәуір күні Шымкент қаласы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған», - деді Айгүл Бекбауова «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.
Анықталғандай, науқас жүк көлігінің жүргізушісі болды. Осы орайда «Мәскеу – Алматы» бағдары бойынша Шымкент қаласына транзитпен тоқтаған. Дене қызуына шағымдануына байланысты жедел жәрдем көмегімен науқас инфекциялық ауруханаға стационарға жатқызылды. Сырқатына байланысты реанимациялық бөлімдегі аппаратқа қосылған.
 «Науқастың қант диабеті, қысымның көтерілуі секілді қосалқы аурулары болған. Сонымен қатар ол бір жыл бұрын туберкулез ауруына шалдыққан. Бүгін түнде науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылды», - деді Айгүл Бекбауова.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Шымкентте коронавирустан 1964 жылы туған 1 адам қайтыс болды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2020 г. 370 0