Қазақстанның 3 облысында тағы 20 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанның 3 облысында тағы 20 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
Сайт таратқан ақпараттарға қарағанда 5 сәуір, таңғы сағат 09:15-тегі жағдай бойынша, Жамбыл облысында -17, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында 2 адам коронавирус жұқтырған.
Осылайша елде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 551-ге жетті.