Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, 3 сәуір күні ҚР бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясын ҚР халқы арасына таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған қаулысына толықтырулар енгізілген.
Мемлекеттік орталық ұйыммен Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласындағы құқыққорғау органдары және арнайы ұйымдармен бұл қаулының сақталуын және іске асыруын қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем көлігінде, жергілікті атқару органдары карантин үшін бөлген орындарда аудио, видео жазба жасауға тыйым салынады.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің қызмет бабымен үйге бару сәтін, індет ошақтарында эпидемиялық зерттеу жасауға және аурулар арасында сауалнама жасауға тыйым салынады, - деді ол.
BAQ.KZ