Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жедел штабтың мәліметтері бойынша, алғашқылардың бірі болып тексеруден: коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар,
жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емхана ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;
тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған адамдар;
науқастармен байланыста болған адамдар;
коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
карантин аймақтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тесттен өте алады.
Экспресс-тесттердің дұрыстығы 90%-дан кем емес.
ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.