Асқар Жұмағалиев соңғы кездегі еGov порталындағы рекордтық көрсеткіштер туралы айтты

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Электронды үкімет порталы туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өздеріңіз білесіздер, елімізде төтенше жағдай жаряланды. Бұл күндері менің әріптестерім барлық ресурстарды іске қосып, мүмкіндігінше жұмыс істеуде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, оларға зор алғыс білдіремін. Электронды үкіметтің жұмыс істеу мүмкіншілігіне тоқталсақ, халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылғаннан кейін, портал штаттық режимде жұмыс істеді. Төтенше жағдайға байланысты порталды пайдаланушылар саны бірден көбейді. Осыған қарамастан портал штаттық режимде жұмысын жалғастырды», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.
Оның сөзіне қарағанда, ТЖ кезеңінде миллионнан астам электронды қызмет көрсетілді.
«Күнделікті режимде порталда сағатына 600 мың өтінім түсетін. Қазір ең жоғары шектегі жүктеме кезінде сағатына 15 миллионға дейін жетіп отыр. Бұл өз кезегінде елеулі жүктеме», - деді А. Жұмағалиев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2020 г. 292 0