Облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов, Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрасы Серік Мырзаханов «Қызылорда су жүйесі», "Қызылорда тазалығы" мекемелерінде болып, төтенше жағдай кезіндегі жұмыскерлердің еңбек жағдайымен танысты.
Кәсіподақтар жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтылуы, жұмыс барысындағы қауіпсіздіктері туралы ақпарат алмасып, карантин режімінде жасап жатқан үздіксіз қызметтері үшін рахмет айтты.
Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалы атынан оларға 1000 дана бетперде табысталды. Бетперделерді кәсіподақ мүшелерінің қауіпсіздігі мақсатында облыстық салалық кәсіподақ төрағасы С.Мырзаханов Қызылорда қаласындағы «Dalatex» фирмасынан арнайы тапсырыспен алдырды.