Бүгін коронавирус анықталған науқас Ақтауға Қызылордадан іссапармен келген, деп хабарлайды
ҚазАқпарат облыстық жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір 50 жастағы науқас уақытша тұрған үйдің бір подъезі (Ақтау қаласы, 11-шағын ауданы, 10 үй) карантинге жабылды. Онымен тікелей байланыста болған тұлғалар бірден оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған басқа да азаматтар анықталып жатыр.
Дәрігерлер Ақтау қаласының тұрғындарын карантин режимін сақтап, сақ болуға шақырады.