Коронавирус пандемиясынан елде енгізілген карантин жағдайында қалған қазақстандық журналистер әлеуметтік желілер арқылы өз білімдерін бөлісті. Журналистердің білімін онлайн лекторияларға біріктірген — «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры «Біз біргеміз» акциясының шегінде қазақстандық медиа сарапшылардың, танымал тележүргізушілердің және журналистердің қатысуымен @media_foundation әлеуметтік аккаунтында онлайн-кездесулер топтамасын ұйымдастырды. Аталмыш жоба ағымдағы жылдың 30 наурызында басталды.
Онлайн кездесулердің спикерлері - Informburo.kz бас редакторы Михаил Дорофеев, журналист және медиатренер Асхат Еркімбай, «Хабар» телеарнасының журналисті және тележүргізушісі Айгүл Адилова, «Хабар» телеарнасы бағдарламаларды өндіру бөлімінің бас редакторы Галина Алькешова, «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі Ғабит Бөкенбай, «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Асхат Ниязов, «Atameken Business» телеарнасы «Мир.Итоги» бағдарламасының жүргізушісі және продюсері Руслан Идрисов.